ТЖМ құтқарушылары жоғалған балаларды тапты.
Фото: Видео скриншоты
ERNUR.KZ. Бүгін Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлінің маңында серуендеуге шығып, бағытынан адасқан екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Балаларды іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен аумақ мұқият тексерілді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде іздестіру тобы Майбалық көлі маңындағы ашық алаңнан 2012 жылы туған екі баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.


