Астанада орынға таласқан екі әйел автобуста төбелесіп қалды

0
83

Бұл оқиға кішкентай баласының көзінше болған.


Астанада орынға таласқан екі әйел автобуста төбелесіп қалды

фото: Пресс-служба акима Астаны

ERNUR.KZ. Астанада автобустардың бірінде екі әйел төбелесті, деп жазады sputnik.kz.
Сорақысы сол оқиға кішкентай баласының көзінше болған.
"26 және 36 жастағы екі әйел отыратын орын үшін төбелескен. Дене жарақатын алған әйел оқиғаның екінші қатысушысына қатысты шаралар қабылдау туралы шағым түсірді", - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта полиция қылмыстық кодекстің 108-1-бабы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.