Астанада экологиялық айлық 13 қыркүйектен басталады

0
95

Айлық барысында қала аумағын қоқыстан тазарту, саябақтар мен гүлзарларды, аулалар мен сауда орындарын, қоғамдық тамақтану нысандарын және өзге де ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жұмысы жоспарланған.


Астанада экологиялық айлық 13 қыркүйектен басталады

ERNUR.KZ. «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең көлемді экологиялық акция аясында елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі «Таза Қазақстан: Таза Астана» экологиялық айлығы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Айлық барысында қала аумағын қоқыстан тазарту, саябақтар мен гүлзарларды, аулалар мен сауда орындарын, қоғамдық тамақтану нысандарын және өзге де ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жұмысы жоспарланған.

Экоайлық барысында елорданың алты ауданында ағаш отырғызылады.

Экоакцияның негізгі мақсаты – қала көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қала көшелерін, аулаларын абаттандыруға кез келген тұрғын мен ұйым өз үлесін қоса алады.