Астанада автобуста бұрыш баллонын қолданған жолаушы қамауға алынды

0
98

18 жастағы жігіт бұрыш баллонын автобустан түсіп бара жатқан досына бүркіген.


Астанада автобуста бұрыш баллонын қолданған жолаушы қамауға алынды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Астанада автобуста бұрыш баллонын қолданған азамат жауапқа тартылды, деп жазады sputnik.kz.
Елордада қалалық автобустың ішінде екі таныстың арасында жанжал шығып, 18 жастағы жігіт жабық кеңістікте бұрыш баллонын автобустан түсіп бара жатқан досына бүркіген.
"Газдан жолаушылар жөтеліп, демалуы қиындай бастаған. Автобус жүргізушісі бірден көлікті тоқтатып, салонды желдетіп, полиция шақырған. Жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады", - дейді ведомство.
Полицейлер тәртіп бұзған азаматтың кім екенін анықтады, ол сот шешімімен 5 тәулікке қамауға алынды.