Астанада автобус жол апатына ұшырады: 14 адам жарақат алды

0
151

14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.


Астанада автобус жол апатына ұшырады: 14 адам жарақат алды

фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

ERNUR.KZ. Астанада автобус жол шетіндегі жыраға түсіп кетіп, 14 адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Кабанбай батыр көшесінде болған жол апаты салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.
"Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Нәтижесінде бірқатар зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған.