Талапкерлер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын 5-10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына тапсыра алады.
Фото: kaznai.kz
ERNUR.KZ. Астана әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған 303 білім грантын жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары арасында бөлді, деп жазады inbusiness.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылғы 25 мамырдағы №107-1777 қаулыға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлауға 303 білім гранты бөлінді.
Грант конкурсына қатысқысы келетін талапкерлер құжаттарын 2026 жылғы 5-10 тамыз аралығында тапсыра алады.
Ол үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет.
Гранттар төмендегі жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
- Көлік қызметтері.
А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.
Astana International University:
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау;
- Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау;
- Ақпараттық технологиялар.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Ақпараттық технологиялар;
Арнайы педагогтерді даярлау:
- дефектолог;
- логопед;
- тифлопедагог;
- сурдопедагог.
Esil University:
- Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Ақпараттық технологиялар.


