Астанада әкімдік бөлетін білім грантына құжат қабылданып жатыр

0
107

​Құжаттарды ЖОО-дағы қабылдау комиссияларына тапсыру қажет.


Астанада әкімдік бөлетін білім грантына құжат қабылданып жатыр

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Астанада әкімдіктің мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавр бойынша жоғары оқу орнына құжат қабылдау басталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елорда әкімдігінің ақпаратынша, құжаттар 11 тамызға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мына бағыттар бойынша өтініш береді:

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

  • физика мұғалімдерін даярлау;
  • психология.

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

  • педагогика және психология;
  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Астана халықаралық университеті:

  • педагогика және психология;
  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • физика мұғалімдерін даярлау;
  • математика мұғалімдерін даярлау;
  • информатика мұғалімдерін даярлау;
  • орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
  • психология.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:

  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • математика мұғалімдерін даярлау;
  • физика мұғалімдерін даярлау.

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:

  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • математика мұғалімдерін даярлау.

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті:

  • педагогика және психология;
  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • психология;
  • арнайы педагогтарды даярлау;
  • дефектолог;
  • логопед;
  • олигофренопедагог;
  • тифлопедагог;
  • сурдопедагог.

Ал резидентураға құжаттар 18-20 тамыз аралығында қабылданады.

Астана медицина университеті (резидентура):

  • ересектер мен балалардың анестезиологиясы мен реаниматологиясы;
  • ересектер мен балалардың офтальмологиясы;
  • отбасылық медицина;
  • неонатология;
  • ересектер мен балалардың шұғыл медицинасы;
  • ересектер мен балалардың психиатриясы;
  • ересектер мен балалардың жақ сүйек-бет хирургиясы;
  • патологиялық анатомия.