"Астана-Щучинск" тас жолы 17 желтоқсанға дейін жабылды

0
70

Жүздеген көлік жолда қолайлы ауа райын күтуге мәжбүр.


фото: Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік күні мерекесін қала сыртында өткізбек болған Астана тұрғындары мен қонақтары ауа-райы қолайсыздығына байланысты, сапарларын ертеңге қалдыруға мәжбүр, деп жазады sputnik.kz.
Ең танымал "Астана-Щучинск" жолы жабылды.
"16 желтоқсанда Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты "Астана – Көкшетау-Петропавл" автожолының 18-232-ші километр учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашылады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Көлік жолдарының ұлттық операторы бір күн бұрын 15 желтоқсанда жолшылар полициямен бірге 7000-нан астам көлікті бастап жүргенін хабарлады.
Ал ТЖМ қыстың басынан бастап жолдарда қар құрсауынан 1137 адам құтқарылғанын, оның 129-ы балалар болған. Сондай-ақ 199 бірлік техника шығарылғанын айтты.