Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды

0
114

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.


Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Бүгін шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қаза тапты “, — делінген хабарламада.
Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.