Шешесі бүлдіршінді атасының жанына тастап, дүкенге шығып кеткен екен.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қарағандыда екі жасар бала жетінші қабаттағы үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Журналистер оқиға куәгерлерін тауып, сұхбаттасқан екен.
«Мен отыр едім, бірінші терезенің торы жерге қарай құлап түсті. Қарасам, бір жігіт айқайлап тұр. Жерге тарс еткенде жүгіріп барып қарасам, бала жатыр екен. Мүлде қимылсыз жатты. Тамырын ұстап көрсем, соқпай тұр екен. Бір кезде әйел адам қатты шошып өтіп бара жатты. Бір-екі қадам жүрді де қатты айқайлады. Сөйтсе, бұл оның баласы екен», - дейді Таисия Ионова.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем баланың өлімін тіркеген. Көршілердің айтуынша, анасы баласын атасының жанына тастап, өзі дүкенге шығып кеткен екен. Үйіне келе жатқанда өз баласын жерден көріп, шокқа түскен.