Американың ірі компаниясы «Самұрық-Қазынамен» бірге Қазақстанда халықаралық аурухана салғысы келеді

0
142

​Бұл бастамаға әлемдік бренд тартылады.


Американың ірі компаниясы «Самұрық-Қазынамен» бірге Қазақстанда халықаралық аурухана салғысы келеді

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. АҚШ-тағы кезекті сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар америкалық компания басшыларымен кездескен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақорда жазғандай, Тоқаев Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдаған.

Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Марк Кумбс өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылаған.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Ashmore Healthcare International компаниясы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бірлесіп, Қазақстанда халықаралық клиника салуды жоспарлап отыр. Бұл бастамаға әлемдік деңгейдегі медицина операторы – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген.

«Тоқаев Үкіметтің аталған маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнату үшін зор әлеует бар екеніне назар аударды», - деп хабарлайды Ақорда.