Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде өрт шықты

0
205


Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде өрт шықты

Куәгерлер ұсынған сурет

ERNUR.KZ. Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде өрт шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Әуезов ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының екінші қабатында екі бутиктен өрт шыққан. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың терезелерінен қою қара түтін шығып жатқан.

"Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында өрттің көрші бутиктерге таралуына жол берілмеді", – делінген хабарламада.

Өрт ТЖМ қызметкерлерінің күшімен толық сөндірілді. Оған 57 адам мен 15 техника бірлігі жұмылдырылды.