Алматыдағы крематорий қашан іске қосылатыны белгілі болды

0
125


Алматыдағы крематорий қашан іске қосылатыны белгілі болды

Фото: Фото: er-ai-construction.kz

ERNUR.KZ. Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі Алматыдағы крематорий қашан ресми түрде іске қосылатынын мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

– Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады, – деп жазады ЖАП мамандары.

Ресми ақпаратта Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематориді Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша өзіне бағынысты бейінді ұйымының балансына бергені айтылған.

– Объект бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді. Аудит қорытындысы бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын, – деп жазылған ресми мәліметте.