Алматыда UILI BOLAYIK тұрғын үй пирамидасы әшкере болды

0
129

Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15-30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген.


Алматыда UILI BOLAYIK тұрғын үй пирамидасы әшкере болды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті UILI BOLAYIK (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде бүркемеленген бұл жоба аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген.

Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15-30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген. Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған.


"Қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден аса қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің банк шоттарына тыйым салынды. Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.