Алматыда тауда тас басып қалған қыздың денесі табылды

0
244

Көз жұмған бойжеткен – Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің 20 жастағы студенті.


Алматыда тауда тас басып қалған қыздың денесі табылды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматы тауларында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға 4 мамырда, туристер жиі баратын "Горельник" маңында болған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында ұялы байланыс болмағандықтан, марқұмның таныстарына төменге түсіп, көмек шақыруға тура келген. Олар қызды тастың астынан өз бетінше шығара алмаған.

Көз жұмған бойжеткен – Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің 20 жастағы студенті. ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының хабарлауынша, оқиға туралы ақпарат түскен соң құтқарушылар, кинологтар мен медицина қызметкерлері оқиға орнына аттанған.

Қыздың денесі гидравликалық құрылғының көмегімен шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.