Ол 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келген.
Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырғаны тіркелі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Ол 1979 жылы туған Ресей азаматы, 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келген. Қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатыр, жағдай қанағаттанарлық", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында - 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында.