Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

0
981

​Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер он шаршы метр аумақтағы құрылыс материалдары өртенгенін анықтады.


Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы орталығындағы өрттің видеосы тарап жатыр. Ақпаратқа қалалық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ведомство 9 желтоқсанда сағат 10:10-да диспетчер пультіне қоңырау түскенін айтты. Өрт Алмалы ауданындағы Шевченко және Шагабутдинов көшелерінің қиылысында салынып жатқан көпқабатты үйде болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер он шаршы метр аумақтағы құрылыс материалдары өртенгенін анықтады.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері он бес минут ішінде қызыл жалынды оқшаулап, сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.