Алматыда полиция талабына бағынбаған шетелдік қамауға алынды

0
145

Ол полицейлердің заңды талабына бағынбай, жүргізуші құжаттарды көрсетуден бас тартып, есіктерді құлыптап, ұйықтап жатқан адам сияқты орындықты еңкейткен.


Алматыда полиция талабына бағынбаған шетелдік қамауға алынды

фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Алматыда полицияның заңды талабына бағынбаған шетелдік жауапқа тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде Қырғыз Республикасының азаматы тізгіндеген шетелдік мемлекеттік нөмірлі BMW көлігін тоқтатты.

Ол полицейлердің заңды талабына бағынбай, жүргізуші құжаттарды көрсетуден бас тартып, есіктерді құлыптап, ұйықтап жатқан адам сияқты орындықты еңкейткен. Мұндай мінез-құлық Заңды құрметтемеу және полицияның талаптарын менмендікпен елемеу болып саналады.

Көлік Қырғызстанда тіркелген және бұған дейін Алматыда жол ережесін өрескел бұзған. Жалпы төленбеген айыппұл сомасы 404 000 теңге болған. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау дерегі бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

"Заң барлығына бірдей - азаматтығына, көлік құралының тіркелген жеріне немесе жүргізуші мәртебесіне қарамастан. Біз мұндай заңсыздық көріністеріне принципті түрде жауап береміз. Сонымен қатар, полиция қызметкерінің қызметтік міндетін орындау кезіндегі талаптары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық адам үшін міндетті екенін еске саламыз. Құқық бұзушылықтың жолын кесу қатаң түрде және заң аясында жүргізіледі", - деді Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.