Алматыда полицейдің мұнарадан секіргісі келген сәті видеоға түсіп қалды

0
228

Кадрларда полиция формасын киген ер адамның электр сымының бағанасында тұрғанын көруге болады.


Алматыда полицейдің мұнарадан секіргісі келген сәті видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматыда полицей формасын киген ер адамның өзіне қол жұмсамақ болған видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

Кадрларда полиция формасын киген ер адамның электр сымының бағанасында тұрғанын көруге болады.

“Полиция қызметкері мұнарадан секіргісі келеді. Мұнда құзырлы органның көліктері жиналып қалды. Оқиға Розыбакиев пен Жамбыл көшесінің қиылысында болып жатыр”, – делінген видео авторы.

Редакция Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.