Алматыда Өзбекстанның 16 жастағы азаматы із-түзсіз жоғалып кетті

0
173

2009 жылы туған Амиров Ёдгор 10 маусымда жоғалып кеткен.


Алматыда Өзбекстанның 16 жастағы азаматы із-түзсіз жоғалып кетті

instagram/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Алматыда Өзбекстанның 16 жастағы азаматы жоғалып кетті. Ол 20 күннен аса уақыттан бері табылмай жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

2009 жылы туған Амиров Ёдгор 10 маусымда жоғалып кеткен. Сағат шамамен 9:30-да Наурызбай ауданы, Қарғалы ықшамауданы, Редько көшесі 6-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы 160 см, арық денелі, шашы қара, қысқа, көзі қоңыр, саусағында қал бар.

Киімі: сұр түсті бас киім, ақ футболка, көк джинсы шалбар, қара аяқ киім.