Зертхананың істен шығуына тұрғындар шағымданып, шу шығарған.
ERNUR.KZ. Алматыда коронавирус анықтайтын зертханалардың бірнешеуі істен шықты. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Біздің зертханалардың бірнешеуі түрлі себепке байланысты істен шықты. Осы аптада жөнделеді, қайтып жұмыс істейді. Сондай-ақ, Болат Өтемұратов қорының қалаға сыйлаған мобильді лабораториясы пайдалануға беріледі", - деді Камалжан Надыров "Алматы" телеарнасындағы онлайн-брифингте.
Басқарма басшысының айтуынша, зертхананың істен шығуына тұрғындар шағымданып, шу шығарған. Енді ведомство жекеменшік бизнес өкілдерін тартып, жаңа лабораториялар ашуды қарастырып жатыр.