19 жастағы жігіт 15 жастағы мектеп оқушысымен танысқан.
фото: stan.kz
ERNUR.KZ. Павлодарда колонияда 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады stan.kz.
HALYQSTAN Telegram арнасының дерегінше, қазір жігіттің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.
“Оқиға 2025 жылы басталған. Сол кезде 19 жастағы жігіт 15 жастағы мектеп оқушысымен танысқан. Екеуі Instagram желісінде хат жазысып, кейін қыздың үйінде кездескен. Сол жерде олардың арасында жыныстық қатынас болған. Қыздың анасы бұл жағдайдан хабардар болып, полицияға арызданған. Қарым-қатынас екі жақтың келісімімен болғанына қарамастан, заң бойынша 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған. 2026 жылғы сәуірде сот жігітті 12 жылға бас бостандығынан айырған”, – делінген хабарламада.
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушының өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


