Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдіктер елден шығарылды

0
123

​Олар тұрғындардың мазасын алған.


Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдіктер елден шығарылды

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

ERNUR.KZ. Алматыда қоғамдық орындарда әдепсіз мінез-құлық көрсетіп, тұрғындардың мазасын алған шетелдік азаматтар Қазақстан аумағынан шығарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде белгілі болған еді. Желіде бір топ жасөспірімнің қала тұрғындарына қатысты агрессивті әрі ерсі мінез-құлық көрсеткен сәттері жазылған видеолар тараған.

Тәртіп сақшылары бұзақылық жасағандардың жеке дерегін дереу анықтап, оларды Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Тәртіп бұзушылардың ата-аналары мен заңды өкілдері бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Ал жасөспірімдердің өзіне қатысты сот қатаң шешім шығарды.

«Сот шешімімен елге кіруге тыйым сала отырып, мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданды», — деп нақтылады Алматы қалалық ПД өкілдері.