Жоба белсенділерінің айтуынша, арнайы безендірілген көліктерде сапар тегін.
Фото: Жаңа адамдар қозғалысы
Жаңа адамдар қозғалысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасын және Қауіпсіз Қазақстан акциясын жүзеге асыру аясында қоғамда қауіпсіздік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаны іске қосты. Бұл жоба мыңдаған әйелдер тап болатын мәселені көтереді.
Жоба белсенділерінің айтуынша, арнайы безендірілген көліктерде сапар тегін. Жүргізушілер де, жолаушылар да тек әйелдерден тұрады. Такси 1 қыркүйекке дейін Алматыда және қала маңындағы аудандарда — Қаскелең мен Бесағашта жұмыс істейді.
— Жолаушының келісімімен әр көлікте құпиялылық сақтала отырып, аудио және бейнетүсірілім жүргізіледі. Бұл жазбалар жобаға тиесілі YouTube арнасында жарияланады. Көрермендер әйелдердің шынайы оқиғаларын тыңдап, заңгерлер мен психологтардың кеңестерін алып, бастаманы қолдайтын танымал тұлғалардың қатысуын көре алады, — делінген хабарламада.
Жобаның басты мақсаты — әрбір әйел өзін қауіпсіз әрі естілетіндей сезінетін кеңістік қалыптастыру. Біз харассментке нөлдік төзімділікті орнықтырып, жеке шекараны құрметтейтін қоғамдық мәдениет қалыптастыруды көздейміз. Бұл — әрбір адам өз әрекеті үшін жауапкершілік алатын Қауіпсіз және Әділетті Қазақстанды құрудағы қадам.
Барлық қалаушылар бастаманы қолдап, қоғамдық диалогқа қатысу үшін Instagram директіне жаза алады: