Жолаушы ауруханаға жеткізілді.
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Алматыда аялдамаға Газель көлігі соғылып, бір жолаушыны қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 30 маусым таңғы сағат 7:00 шамасында Әуезов ауданында болған
"Газель көлігі Шаляпин көшесімен батыс бағытта жүріп бара жатқанда аялдамаға соғылған. Содан кейін аялдамада тұрған 22 жастағы жолаушыны қағып кеткен. Жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство.
Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.