Алматыда 18 жастағы қыз 9-қабаттан құлап кетті

0
96

Құлағаннан кейін ол тірі қалған.


Алматыда 18 жастағы қыз 9-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Алматыдағы “Райымбек” тұрғын үй кешенінде шок тудырған оқиға болды, деп жазады baq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 18 жастағы қыз көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға алдында ол құрбысымен бірге арақ ішкен. Құлаған сәтте қыздың үстінде тек іш киім ғана болған. Құлағаннан кейін ол тірі қалған, бірақ қатты ауырсынудан айғайлаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция келген. Дәрігерлер жарақат алған қызды ауруханаға жеткізсе, полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Өз-өзіне қол жұмсауға оқталу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайлары анықталуда, – деді Алматы қалалық полиция департаменті.