2010 жылы 27 шілдеде туған Норицина Маргарита Сергеевна 23 тамыз күні жоғалған.
instagram/volontery_almaty_lider.kz
ERNUR.KZ. Алматыда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Lider.kz еріктілер ұйымы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
2010 жылы 27 шілдеде туған Норицина Маргарита Сергеевна 23 тамыз күні жоғалған. Сағат 17:15 шамасында ол Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 189/3 үй, 3-корпус мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы - 166-170 сантиметр, дене бітімі арықша келген, шашы қара, ұзын.
Үстіне ақ жолақтары бар сұр түсті спорттық костюм, аяғына қара аяқ киім киген. Жанында қара рюкзагы мен ұялы телефоны болған.
Еріктілер жоғалған қыздың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе оны көрген-білгендер болса, көрсетілген телефон нөміріне хабарласуды немесе жеке хабарлама жазуды сұрайды.


