Оқиға бүгін, 19 қыркүйекте болған.
RNUR.KZ. Алматы тауларында құтқарушылар Словакиядан келген 49 жастағы туристке көмек көрсетті. Ол ауыр жарақат алған, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға бүгін, 19 қыркүйекте болған.
"Алматы тауларында Словакиядан келген 49 жастағы туристке көмек қажет болды. Маршрут бойынша серуендеу кезінде ол жарақат алып, жамбасын сындырып алған", – деп мәлімдеді ұйым өкілдері.
Құтқарушылар шақырту алып, бірден оқиға орнына аттанды. Жарақат алған туристке сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, эвакуацияға дайындалды және туристік кешенге жеткізілген. Ол жерден ер адам дәрігерлерге тапсырылып, №7 қалалық ауруханаға жатқызылғаны айтылды.