4 желтоқсанда Алматы "жасыл" аймаққа оралған еді.
ERNUR.KZ. Алматы коронавирус таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа оралды, деп жазады Tengrinews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің 8 желтоқсандағы деректері бойынша Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан.
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Барлық қалған өңір "жасыл" аймақта.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда Алматы "жасыл" аймаққа оралған еді.
Бүгінде, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 137 653-ке жетті.