Алматы полициясы мүгедек әкесін ұрған адамға іздеу салды (ВИДЕО)

0
348

​Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.


Алматы полициясы мүгедек әкесін ұрған адамға іздеу салды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматы полициясы мүгедектер арбасына таңылған әкесін ұрған ер адамға іздеу салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Әлеуметтік желіде жарияланған қарт адамға қатысты заңсыз әрекеттерді көрсететін бейнеге байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастады.

«Оқиғаға қатысушылар анықталып жатыр. Дене жарақатын келтірген ер адамның әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.
Жанжалдың себептеріне қарамастан, қарт адамға, әсіресе мүгедектер арбасына таңылған адамға зиян келтіруге жол берілмейді және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады», - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда арбаға таңулы қария әкесін боқтап, ұрған ер адамның видеосы жарияланған болатын.