Алматы полициясы бастығының бұрынғы орынбасары азаптау ісі бойынша ұсталды

0
718

​Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.


Алматы полициясы бастығының бұрынғы орынбасары азаптау ісі бойынша ұсталды

Бас прокуратура Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталғанын растады, деп жазады tengrinews.kz.

Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.