Алматы облысында өзенге құлап кеткен баланың денесі екі күннен кейін табылды

0
126

22 маусымда Алматы облысы Тұздыбастау ауылында 44 жастағы әйел баласын құтқарамын деп өзенге батып кетті.


Алматы облысында өзенге құлап кеткен баланың денесі екі күннен кейін табылды

Фото: Lider.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысында өзенге батып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды, деп жазады stan.kz.

22 маусымда Алматы облысы Тұздыбастау ауылында 44 жастағы әйел баласын құтқарамын деп өзенге батып кетті. Құтқарушылар әйелдің денесін сол күні тапты. Әйелдің өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Баланы іздеу жұмыстары жалғасты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаменті, ұлттық парк қызметкерлері, Lider.kz еріктілер қозғалысы мен еріктілерден 110-ға жуық қызметкер мен 20-дан астам техника жұмылдырылған”, – делінген хабарламада.

Алматы қаласы және Алматы облысының Lider.kz еріктілер қозғалысының өкілдері іздеу жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпаратты жариялады.

"Талғар ауданында іздестіру жұмыстары аяқталды. Қызметкерлер баланың денесін тапты", – деп хабарлады еріктілер.

Еске салсақ, Алматы облысында әйел баласын құтқарамын деп суға батып кеткені және ұлы іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.