Алматы облысында көпқабатты үйдің ауласында жүргізуші екі баланы қағып кетті

0
85

Зардап шеккен екі бала ауруханаға жеткізілді.


Алматы облысында көпқабатты үйдің ауласында жүргізуші екі баланы қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласында екі баланы қағып кетті, деп жазады baq.kz.

Жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйекте сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Жергілікті тұрғындардың болжамынша, көлік шамамен 40 км/сағ жылдамдықпен жүруі мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Куәгерлер оқиғадан кейін зардап шеккендердің бірі – қыз бала біраз уақыт ес-түссіз жатқанын да айтқан.

Полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен Chevrolet Cobalt көлігінің 25 жастағы жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйекте сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болды. Оқиға салдарынан балалар әртүрлі дене жарақатын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді Алматы облысының полициясы.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе балалар болуы мүмкін тұрғын үй аумақтарында қатаң сақтауға шақырды.