Алматы облысында 12 тонна заңсыз спирт тасыған тұрғын ұсталды

0
775

Қазір уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Алматы облысында 12 тонна заңсыз спирт тасыған тұрғын ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімдерді тасымалдау және сақтау фактісі бойынша облыс тұрғыны ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Заңсыз спирт ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы МКД және Қарасай ауданы ПБ ЖПҚ УПИ-мен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында табылды», - делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

12,2 тонна көлеміндегі ерекше иісі бар спирттік сұйықтық "Вольво" маркалы автокөліктен табылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.