Алматы кіреберісінде 27 блок-бекет қойылады

0
843

"Қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, қорғаныс және гигиена құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" орнатылады".


Алматы кіреберісінде 27 блок-бекет қойылады

ERNUR.KZ. Алматы кіреберісінде 27 блок-бекет қойылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Сағынтаев коронавирус пандемиясына байланысты Алматыда 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап карантин жарияланғанын мәлімдеді.

"Блокпосттарда патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, "Гранит" полкінің, Қорғаныс министрлігі мен ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, қорғаныс және гигиена құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" орнатылады", - деп мәлімдеді Сағынтаев.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті, 15 адам Алматыда, 17 адам Нұр-Сұлтан қаласында.