Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді

0
186

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.


Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 29 шілде күні Астана уақытымен сағат 11:09-да Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері сейсмикалық станциялар желісі арқылы анықталған. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықта болған. Ошақ координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Мамандардың айтуынша, сейсмикалық белсенді аймақтарда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін білуі маңызды.