Алматы әуежайында қызды кепілге алу оқиғасы: айыпталушы кінәсін мойындады

0
138

Айыпталушы Машрапбек Баратов өз кінәсін мойындады.


Алматы әуежайында қызды кепілге алу оқиғасы: айыпталушы кінәсін мойындады

фото:Tengrinews.kz / Никита Данилин

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 7 наурызда Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты іс бойынша сот отырысы қайта жалғасты, деп жазады tengrinews.kz.

Сот отырысы барысында прокурор Алмас Бертаев айыптау актісін оқыды. Баратовқа Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық"), 261-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Кепілге алу") және 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша айып тағылған. Прокурор процесті қысқартылған тәртіпте, яғни істің материалдарын зерттемей қарауды ұсынды.

Айыпталушы Машрапбек Баратов өз кінәсін мойындады.

Еске салайық, зейнеткер Баратовқа қатысты сот 2025 жылғы 7 сәуірде басталған болатын. Сол отырыста көлік әскери прокуратурасының прокуроры істегі айғақтарды айыпталушы теріске шығармағанын айтып, сот отырысын қысқартылған тәртіппен өткізуді сұраған еді.

Сот залында әуежай қызметкері мен айыпталушы сөз сөйлеп, айыпталушы контузия алғанын, сондай-ақ адамды кепілге алуға не итермелегенін айтып берген. Процесс барысында айыпталушы бұған дейін айыптаулармен келіскен болатын. Бірақ кенеттен қандай да бір талап қойғаны туралы айыпқа келіспейтінін айтып, іс қосымша тергеуге қайтарылған еді.