Алма-Арасанда жоғалған үндістандық туристерді іздестіру жүргізілді

0
141

Іздестіру барысында туристер "Қыздың көз жасы" сарқырамасы маңынан табылды.


Алма-Арасанда жоғалған үндістандық туристерді іздестіру жүргізілді

Фото: ҚР ТЖМ телеграм

ERNUR.KZ. Алматы тауларында Үндістаннан келген туристер тобы Алма-Арасан маңына көтерілген кезде екі адам топтан қалып қойып, бағыттарын өз бетінше жалғастыра алмаған, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін "БАУ" бақылау-құтқару бекеті мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел іздестіру жұмыстарын бастады. Нәтижесінде туристер "Қыздың көз жасы" сарқырамасынан жоғары орналасқан екінші күрке маңынан табылды.

Құтқарушылар оларды қауіпсіз бағытпен Алма-Арасан автотұрағына дейін түсірді. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқару қызметінің жедел әрекетінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

ТЖД таулы аймаққа шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райын ескеруге және топтан бөлінбеуге кеңес береді.