ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Абай облысы Мақаншы ауданында Алакөл көлінің жағажайында серфинг тақтасында сырғанап жүрген 20 және 19 жастағы екі қыз толқын салдарынан аударылған, деп жазады inbusiness.kz.
Осыдан кейін олар өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Құтқарушы гидроциклмен жылдам жетіп, жасөспірімдерді судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.