Ақтөбеде шетелдік студенттерді бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

0
88

Ол ақша алып жатқан сәтте арнайы жасақ сарбаздарының қолына түсті.


Ақтөбеде шетелдік студенттерді бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Ақтөбеде шетелдік студенттерді бопсалап, ақшасын алды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ақтөбелік тұрғынды анықтады.
"Шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олармен бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген. Бір күні дәмханаға төлеуге ақша болмаған кезде, күдікті студенттердің бірін қорқытып, ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген", – деді полиция.
Бірнеше күннен кейін ер адам бопсалау арқылы шетелдік азаматтың тағы 50 мың теңгесін иемденген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.