Әлеуметтік желіде ер адамның тамағындағы тесіктен дәке суырып жатқаны жайлы видео тарады.
фото: Sputnik / Варвара Гертье
ERNUR.KZ. Ақтөбеде ота жасатқан ер адамның тамағында дәке қалып қойған. Үш жыл бұрын болған жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
"2023–2024 жылдары науқасқа ота жасалды. 2024 жылдың 12 қаңтарында бейнежазба негізінде жарада дәкеден жасалған тығын болғаны анықталды. Ақтөбе медициналық орталығында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тампонды науқас өз үйінде алып тастаған. Дегенмен медицина бойынша бұлай істеуге рұқсат етілмейді", - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Сараптама науқастың тамағынан алынған дәке тығын операциялық материал емес екенін көрсеткен.
"Науқас әртүрлі медициналық ұйымдарда, соның ішінде стационар, емхана және жеке клиникаларда емделген. Ол алып тастаған дәке тығынның операциялық материал екені расталмады, өйткені хирургиялық қауіпсіздік қағидалары бойынша операция алдында және кейін жұмсақ және қатты материалдар қолданылады", – деп түсіндірді басқарма.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.


