Балалар ересектердің назарынан тыс қалып, терезедегі москит торын итеріп қалып, құлаған.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.
Екі оқиға да бір тәулікте болған.
"Ақтөбе қаласы Есет батыр шағын ауданында 6 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құласа, Қандыағаш қаласында 4 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті", - дейді полиция.
Екі жағдайда да балалар ересектердің назарынан тыс қалып, терезедегі москит торын итеріп қалып, құлаған.
Қуанышқа қарай, балалардың денсаулығына ауыр зақым келген жоқ.


