​Ақтөбеде 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

0
111

Оқушы - толық отбасыдан, 6 сыныпта оқыған.


​Ақтөбеде 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Оқиға Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болды. Баланы сарай ішінде асылып тұрған жерінен тапқан, деп жазады inform.kz.

Темір аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, қазір осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

- Тиісті органдар тарапынан жан-жақты тексеру жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Білім беру ұйымы тарапынан ішкі қызметтік тексеріс басталды. Оқушы - толық отбасыдан, 6 сыныпта оқыған. Қазіргі уақытта бала құқықтарын қорғау басқармасы, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайына қосымша назар аударып, қажет болған жағдайда қолдау шараларын күшейтті,- деп хабарлады Темір аудандық білім бөлімі.
Еске салсақ, Жамбыл облысында екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Тоғызыншы сыныптың екі оқушысының денесі қорадан табылды.