Ақтөбе облысында жоғалған баланы бес күннен бері іздеп жатыр

0
126

​Іздеу жұмыстарына полиция, құтқарушылар, сүңгуірлер, дрондар, әскери қызметшілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.


Ақтөбе облысында жоғалған баланы бес күннен бері іздеп жатыр

Фото: Әсет Құндақбаев

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында жоғалған баланы іздеу жұмыстары бесінші тәулікке жалғасып жатыр. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, құтқарушылар (оның ішінде сүңгуірлер), кинологтар тартылған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, іздеу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы техника қолданылып жатыр. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған.

«Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барып, іздеу шараларының барысымен танысты. Полиция генерал-майоры Қ. Әлиев іздеу жұмыстарына жұмылдырылған жеке құрамға нұсқаулық өткізді. Іздеу шараларының тиімділігін арттыру үшін ол барынша мұқият болуды, күмән тудыратын бірде-бір жайтты назардан тыс қалдырмауды және кез келген ақпаратты жедел баяндауды тапсырды», – делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, 2016 жылы туған бала 29 наурыз күні Сарыжар ауылында жоғалып кеткен. Алдын ала дерек бойынша, ол суға түсіп кетуі мүмкін.