Темір ауданының Еңбекші ауылында 23 жастағы тарих пәні мұғалімі үйінен өлі күйінде табылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында жас мұғалімнің денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Мұғалімнің денесі өзі тұрып жатқан үйден табылған. 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Марқұм Темір ауданындағы Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшада тарих пәнінен сабақ берген. Ақтөбе облыстық білім басқармасының дерегіне сүйенсек, ол еңбек жолын Маржанбұлақ ауылында бастап, 2025 жылғы ақпаннан бері Еңбекші мектеп-балабақшасында жұмыс істеген. Басқарма мәліметінше, жас маман қызметін жауапкершілікпен атқарған, жұмыс барысында басшылық тарапынан ескерту болмаған.
Оқиғаның себептері тергеу нәтижесінде белгілі болады.


