Оқиғадан соң күдікті ұсталып, қамауға алынған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйде көлік жүргізген ер адам өз әйелін көлікпен қағып кеткен. Салдарынан әйелі алған жарақатынан мерт қылды, деп жазады stan.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ВАЗ-2114 маркалы автокөлікте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде ер адам мас болған.
"Алдын ала анықталғандай, марқұмның күйеуі ВАЗ-2114 автокөлігін мас күйде басқарып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан ол көз жұмды", – деп хабарлады полиция.
Оқиғадан соң күдікті ұсталып, қамауға алынған. Ал қазір адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық тергеу басталды.


