AI-Sana бағдарламасы бойынша 706 мыңнан астам студент сертификат алды

0
234

Қазақстанда жасанды интеллект бойынша ұлттық оқыту жүйесі AI шешімдерін экономиканың түрлі салаларына енгізуге бағытталған.


AI-Sana бағдарламасы бойынша 706 мыңнан астам студент сертификат алды

фото: Andy Wong

ERNUR.KZ. AI-Sana бағдарламасының бірінші кезеңінде 706 мыңнан астам студент сертификат алды, ал AI Qyzmet аясында 55 мыңға жуық мемлекеттік қызметші оқытылды, деп жазады sputnik.kz.
Негізгі нәтижелер:
706 023 студент – AI-Sana бағдарламасының бірінші кезеңінде сертификат алды.
104 459 студент – AI-Sana бағдарламасының екінші кезеңінде оқудан өтті.
55 мыңға жуық мемлекеттік қызметші – AI Qyzmet бағдарламасын аяқтады.
11,5 мыңға жуық түлек – Tech Orda бағдарламасы бойынша білім алды. Экономикалық белсенді түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші – 90%.
79 қатысушы – Tomorrow School мектебінде дайындық барысында IT-саласына жұмысқа орналасты.
442 AI шешімі – AI-Sana аясында сынақтан өткізіліп, іске асырылуда.
12 өңірде – Tomorrow School кампустары жұмыс істейді.
70 мыңнан астам адам – 2026 жылы Astana Hub Education платформасында оқып шықты.
Бағдарламалар азаматтардың базалық AI сауаттылығын арттыруды, IT-мамандарды даярлауды, студенттердің қолданбалы жобаларын дамытуды және мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізуді қамтиды.

Tech Orda, Tomorrow School, AI-Sana, AI Qyzmet және AI Governance 500 бастамалары білімді тәжірибеде қолдануға және еңбек нарығына қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Ал онлайн-курстар мен өңірлік кампустар технологиялық білім алуға қолжетімділікті арттырады.