"Адам өлімі бар": Жамбылда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

0
145

Полицияның мәліметінше, Van Hool маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.


Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Соның салдарынан автобус Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқыс жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысындағы Аса – Ақкөл автожолында тіркеліп отыр.
Қатты соққыдан жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Ал жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.

Әзірге басқа жарақаттанғандар туралы мәлімет жоқ.

Полиция жүргізушілерді жолда абай болып, жол ережесіне қатаң бағынуды ескертеді.