Абай облысында қыздың мәйіті табылды

0
114

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша күдікті мен марқұм таныс болған.


Абай облысында қыздың мәйіті табылды

фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова

ERNUR.KZ. Абай облысы Бородулиха ауылында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Мәйітті сол ауылдың тұрғыны үйінің жанынан тапқан. Оқиға 13 шілдеде сағат 06:00 шамасында болған.
"Бородулиха ауылында жергілікті тұрғын үйінің жанынан пышақ жарақаты бар қыздың денесін тапты. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер 20 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Абай облысының полиция департаменті.
Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша күдікті мен марқұм таныс болған. Олардың арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.