Абай облысында қаржы пирамидасы халықтан 790 млн теңге жинаған

0
110

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды, үшіншісі үйқамақта отыр.


Абай облысында қаржы пирамидасы халықтан 790 млн теңге жинаған

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Абай облысында "Rakhat0425" қаржы пирамидасының қызметі тоқтады, деп жазады sputnik.kz.
Қаржы пирамидасы 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.
"Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен", - дейді агенттік.
Күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші адамның атына рәсімдеген.
"Бұл мүлік "инвестициялық жарна" ретінде бағаланған. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған ведомство.